Қазақстан кубогы
Бүгін 2024 жылдың 2-3 наурызы. AIGA нұсқасы бойынша грэпплингтен Қазақстан кубогы өтті. Алматыдағы «Нұр Мүбарак» спорт кешеніне 12-13 және 14-15 жас аралығындағы 210 қатысушы жиналды. Қызу тартысқа қарамастан, жарыс достық жағдайда өтті. Жас грэпплерлер өз шеберліктері мен баға жетпес бәсекелестік тәжірибесін көрсетуге тамаша мүмкіндік алды. Турнир қорытындысында біздің Ирина Колчина алтыннан алқа тағынды. Жаттықтырушы Жүсіпов Мейірхатты лайықты марапаттарымен құттықтап, алдағы уақытта спорт саласында толағай табыстар тілейміз.